Бородулиха және Бесқарағай аудандарының шығармашылық ұжымдарының концерті
2012 жылдың 4 тамызы сенбі күні этноауылда Бородулиха және Бесқарағай аудандарының Достық үйлерінің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті өтті. Шығармашылық ұжымдар көрермендерді оптимизмдерімен және шынайы орындаушылық шеберліктерімен, ерекше нөмірлерімен қуантты.
Әр кезде көркемөнер шығармашылығында – қатысушылардың жас мөлшеріне шек қойылмаған. Әсіресе көрермендердің көңілін ерекше аударған Бородулиха ауылынан келген татар этномәдени бірлестігінің ең жас бишілерінің орындауындағы ұлттық би болса, ал қатысушылардың барлығын таңдандырған, аға буын өкілдерінің татардың сыйқырлы «Жаңбыр» әнін орындауы кезінде, шақырайып тұрған күннің көзін лезде бұлт торлағаны болды. Концерт соңында көрермен қауым өнерпаздарды жібергісі келмегені соншалық, олармен бірге ән айтып, би билеп, ерекше шаттыққа бөленді. Концерт орыс этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымының орындауындағы жалынды частушкалармен аяқталды.
Облыстық Достық үйі
