«Бриг» мектебіне 20 жыл

10-11-2017

«Бриг» мектебіне 20 жыл

Ағымдағы жылдың 10 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының үлкен залында Өскемен қалалық «Бриг» жекеменшік мектебінің 20 жылдық мерей тойына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында «Бриг» жекеменшік мектебінің ұжымын Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков 20 жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, мектеп басшылығына Достық үйінің 25 жылдығына орай жарық көрген кітапты сыйға тартты. Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы туралы ауқымды ақпарат беретін деректі фильм көрсетілді. «Бриг» мектебінің оқушыларың мерекеге әзірлеген тамаша ән билеріне көрермен қауым тоқтаусыз қол соғып, ыстық ықыластарын білдірді.