«Достық керуені»

14-08-2014

«Достық керуені»

Ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері Облыстық Достық үйінің бастамасымен мемлекет Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 сессиясында өңірлеріміздің этномәдени байлығын көрсеткен, халық бірлігін нығайтқан және бастамашылық танытқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасын әрі қарай жалғастыру бойынша тапсырмасы аясында Облыстық Достық үйі директоры Э. Төлеубеков бастаған «Достық керуені» жолға шықты. Делегация құрамында ШҚМТУ-нің тарих ғылымының кандидаты Айдарбаева Раушан Қайсанқызы, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары болды. Көшпелі шара Көкпекті ауданы мен Зайсан қаласында өтті. Аудандардың белсенділері мен маслихат депутаттарының қатысуымен «Халық бірлігі – табысқа жету жолы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аудан басшылары «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының қатысушыларын құшақ жая қарсы алды. Аудан тұрғындарына көркемөнерпаздардың күшімен қойылған үлкен концерт берілді. Облыстық Достық үйінің және Көкпекті, Зайсан аудандарының басшылары бір-біріне естелік сыйлықтар табыстап, әдістемелік әдебиеттер сыйлады. Облыстық Достық үйі