02-12-2017
2017 жылдың 2 желтоқсан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен «На Николу зимнего» атты казак мәдениетінің фетивалі өтті. Фестиваль ШҚО «Иртышский форпост» казактар қауымдастығының атаманы Яковлев Александр Андреевичтің құттықтау сөзімен басталды. Мерекеге Зырян, Шемонаиха, Глубокое және Ұлан аудандарының шығармашылық ұжымдары келіп өнерлерін көрсетті. «Hi-tech» және «Сударушки» хореографиялық би ансамбльдері барша көрермендерді билерімен бір серпілдірді. Ал, «Серебринка», «Родная станица», «Воля» ансамбльдері және «Товарки», «Весняночка» фольклорлық ансамбльдері ән айтудан қалыспады. Сондай – ақ, «Русская песня», «Ладушки», «Вдохновение» және «Бастеньки» сынды Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ансамбілдері өнер көрсетті. Фестиваль «Любо, братцы, любо!» атты әнімен аяқталды. Атаман Яковлев Александр Андреевич фестивальді қорытындылай келе, барша шығармашылық ұжымдарға алғысын білдіріп, дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті.