ӨСКЕМКЕНДЕ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ.
Өскемен қаласында салынып жатқан мешіттің құрылысына Өскемен қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері көмекке келді.
Қазақстандағы «Нұр Астана» және «Хазрет Сұлтан» мешіттерінен кейінгі Өскемен қаласында салынып жатқан мешіт көлемі жағынан үшінші орынды алады. Мешіттің биіктігі 40 метр (5 қабатты), мұнарасының биіктігі 63 метрді құрайды (Мұхаммед пайғамбардың өмір жасын символымен көрсету). Мұндай аса көрнекті көлемді мешіттің бірегейлігі сонда, ол облысымыздың барша тұрғындарының күшімен салынып жатқандығы. Адамдар конфессияналды және этностық тегіне қарамай құрылыс жұмыстарына күнделікті келіп көмектерін көрсетуде.
Бүгінде қаламыздағы 15 этномәдени бірлестіктің өкілдері көмек қолын созып, қосалқы жұмыстарды атқарды. Біреулері тасқалаушыларға, енді бірі сылақшыларға, басқалары ас даярлауға көмектесті.
«Салынып жатқан мешітке бір кірпіш қалауға көмектессең де маңызды. Ислам– бейбітшілік пен келісімге шақыратын дін. Дін бізді түр-түсімізге, ұлтымызға қарап бөлмейді. Ал мешіт – бұл рухани-адамгершілікті тәрбиелеу орталығы, әсіресе жастар үшін. Егер де, өсіп келе жатқан ұрпақ өзара түсіністік пен сыйластық рухында тәрбиеленсе, біз оған тек қуанамыз. Қазақстанның гүлденуі әртүрлі этностар өкілдерінің достығының негізі – бұл біздің мақсатымыз. Сондықтан да, бүгін осында орыс, армян, кәріс, шешен, неміс, еврей, украин, ұйғыр, белорус, әзірбайжан, татар этномәдени бірлестігінің өкілдері жұмыс істеп жатыр», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик.
Осы күні қала кәсіпкерлері мешіт құрылысына көмекке келгендерге және құрылысшылар үшін түскі ас ұйымдастырды.
«Бірігіп көтерген жүк жеңіл» дегендей, асарлатып салынып жатқан мешіт жұмысының аяқталуы Ораза айт мерекесінің бітуіне дейін жоспарланып отыр.
Облыстық Достық үйі

