«Ойна сырнай, күмбірле домбыра!» II-облыстық фестивалі

14-08-2014

«Ойна сырнай, күмбірле домбыра!» II-облыстық фестивалі

23 маусым 2012 жылы Облыстық Достық үйінің 20 жылдығы аясында Ертістің сол жақ жағалауында орналасқан этноауылда «Ойна сырнай, күмбірле домбыра!» халықтың музыкалық шығармашылығының II-облыстық фестивалі өтті. Музыкалық іріктеу екі алаңда өтті, амфитеатрда көрермендерге көтеріңкі көңіл күйді «вокалдық музыка» номинациясының қатысушылары сыйласа, ал киіз үй ішінде домбыраның күйі сыңғырлап, баян мен сырнай тартылып, «аспапты музыка» номинацияларының қатысушылары «Ложкари» ансамбілі өз аспаптарымен дүркірете қақты. Кәсіби әділқазылар алқасының төрелігіне алпыстан астам ұжымдар халықтық және авторлық шығармаларды ұсынды. Түстен кейін этноауылдың орталық сахнасында фестивальдің шығарылған қорытындылары бойынша лауреаттар мен дипломанттарды марапаттап, гала–концерт өтті. Концертте құттықтау сөз ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі        Е.М. Аязбаевқа берілді. Ол қатысушыларға жарқын шығармашылықтары үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Гала-концертке ең үздік нөмерлер енді. Мерекені «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тілшілері және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен түсірді. Фестивальге 300 адам қатысты.   Облыстық Достық үйі