«Казак аналары күні» мерекесі

09-12-2017

«Казак аналары күні» мерекесі

2017 жылдың 9 желтоқсаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жыл сайынғы «Казак аналары күні» мерекесіне арналған концерт өтті. Шара Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының қолдауымен Жоғарғы – Ертіс орыс казактары қауымдастығы және Ермак Тимофеевич атындағы казак қауымдастығы ұйымдастырды. Мерекеге Зырян, Шемонаиха, Глубокое аудандары және Риддер қаласының шығармашылық ұжымдары  өнер көрсетті. «Сударушка», «Станица» ансамбльдері және «Товарки» фольклорлық ансамбілі  ән айтудан қалыспады. «Каскад» жастар бірлестігі көрермендерді қылыш сермеу көрінісімен қуантты. Барша көрермендерді Ермак Тимофеевич атындағы казак қауымдастығының атаманы Чмутов Валерий Владимирович мерекемен құттықтады.