ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

14-11-2017

ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 13 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2017 жылдың 6 қазанында Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудағы ҚХА Аналар кеңесінің рөлі атты отырысында қарастырылған мәселелер талқыланды. Өз кезегінде сөз алған ШҚО ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары  М.М Даулетбекова: «Аналар кеңесі бүгінгі күнге дейін отбасылық  зорлық – зомбылықтың, жасөспірімдердің ерте жүктілігі және құқықбұзушылықтарын алдын алу мақсатында мектептерде, балалар үйлерінде және де жеке отбасыларда түрлі бағыттағы бір қатар шаралар өткізуде. Жалпы «Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын іске асыруға байланысты рухани құндылықтарымыз болып саналатын салт - дәстүрлерімізді жаңғыртуда Аналар кеңесі қалыс қалмауымыз керек» – деді. Сонымен қатар, отырыс барысында жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, алдағы атқарылар жұмыс жоспарымен бөлісті.